Спикерлер оң динамиканы атап өтті, өткен жылмен cалыстырғанда 2025 жылдың 10 айында АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайлары санының     14,7%-ға төмендегені тіркелді.

     Д.В. Панченконың айтуынша, АИТВ-ның алдын алу жұмыстары Білім басқармасымен, Полиция департаментімен, ҚАЖ Департаментімен, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық деңгейде жасалынады. Сонымен қатар, осы ведомстволарда 8000-нан астам қызметкерлер мен жеке құрам қамтылған ақпараттық-білім беру жұмыстары жүргізілуде. АИТВ-ның алдын алудың жаңартылған стратегиялары мен әдістемелері әзірленді, білім беру ұйымдарында тестілеудің қолжетімділігін қамтамасыз етуде және оқыту-алдын алу жұмыстарын жүргізуде Жастар денсаулық орталықтарының рөлі күшейтілді. Осы жылдың басынан бастап мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында 143 ақпараттық іс-шара өткізілді. Дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері, оның ішінде пенитенциарлық жүйенің қызметкерлерін қоса алғанда, 3000-ға жуық медицина қызметкерлерін оқыту жүзеге асырылды.

    Мамандар АИТВ-ның алдын алу және емдеу саласындағы жетістіктерді баяндады. Медициналық ұйымдардың жүйелі жұмысы мен белсенді білім беру науқандарының арқасында қалада АИТВ-ны емдеуге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік туды. «Астанада антиретровирустық терапия диагноз расталғаннан кейін бірден тағайындалады және тегін беріледі, заманауи емдеу АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға жоғары өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен белсенді ақпараттық науқандардың арқасында елорда тұрғындары жиі тексеруден өтіп, уақытында көмекке жүгінеді», ‒ деді Денис Панченко.

    Халықтың хабардарлығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Астанада осы күндері экспресс-тестілеумен өтетін акциялар, білім беру форумдары, флешмобтар, дөңгелек үстелдер, оқушылар мен студенттерге арналған конкурстар, спорттық іс-шаралар белсенді өтуде. Елорда кинотеатрларында қала тұрғындарына өздерінің АИТВ-статусын білуге шақыратын әлеуметтік бейнероликтер көрсетіледі.

 WhatsApp Image 2025 11 28 at 12.16.06