Жиынның негізгі мақсаты осал топтар арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы шараларды өткізуге көмектесу болып табылады.
Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ-ның таралуындағы ХОТ рөлі, емделушілерді іздеу бойынша өзара әрекеттестіктің қорытындысы,АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар 2018 жылғы бірлескен жұмыс қорытындысын, сондай-ақ 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.
Жиын қорытындысы бойынша екі жақтың нәтижелі және оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту және орын алған кемшіліктерді жою туралы шешім қабылданды.