111111113

2019 жылдың 17 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағында «Өмір сүру үшін, есте сақтау!» акциясы аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері 72-ші Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясына орайластырылған «СӨЗДЕН ІСКЕ/ WALK THE TALK/ ОТ СЛОВ К ДЕЛУ» акциясына белсенді қатысты.

Акцияның мақсаты қала тұрғындарының өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға деген ниетін тек сөзбен ғана емес, іспен де көрсету. Акцияны ҚР ДСМ вице-министрі О.А. Әбішев, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Ш. Рүстемова ашты. Акцияға денсаулық елшілері: қазақстандық марафоншы, рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы –Марат Жыланбаев және әнші Қарақат Әбілдина белсенді қатысты.

Акция аясында саябақ аумағында дұрыс тамақтану принциптері, шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету, аурулардың алдын алу, оның ішінде АИТВ инфекциясының алдын алумен халықты таныстыру мақсатында станциялар орналастырылды. Ниет білдірушілер қан қысымын өлшеп, қандағы қант, холестерин деңгейін анықтап, АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтті.  

ЖИТС орталығының мамандары өз үлгісінде денсаулық пен физикалық белсенділікке деген жауапкершілікті көрсетті: олар 3 км,5 км  жүгіру мен 1,2 км қашықтықтағы скандинавиялық жүру бойынша белсенді қатысты.

111111114 111111115