IMG 2300

2019 жылғы 27 мамырда Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығында АИТВ – инфекциясына экспресс-тестілеу тиімділігін көрсету бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Г.Қ.Жангарашева, ҚР ДСМ Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры Б.С.Байсеркин, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қатысуымен өтті. Іс-шарада сарапшысы Брайан Риид презентация жасады.

Қатысушылар экспресс-тестілеудің тиімділігін, ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, халықтың негізгі топтары арасында өзін-өзі тексеруге қолжетімділікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ кездесуде экспресс-тесттер көрсетілді.

IMG 2303 IMG 2313