1 июня

Бірінші маусымда әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Оның басты мақсаты-бүкіл әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару. Жаздың алғашқы күні Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы «Abdi Ibrahim Global Pharm» компаниясымен бірлесіп орталықта диспансерлік есепте тұратын балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шара аясында балаларға құнды ойыншықтар мен азық-түлік пакеттері берілді.

Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығы «Abdi Ibrahim Global Pharm» компаниясы ұжымына балаларға көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін алғысын білдіреді.