2019 жылдың 21 маусымында ЖИТС орталығының дәрігерлері Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен, №1 қалалық емхана мамандары бірлесе отырып, «Рамстор» супермаркетінде Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін «Өз мәртебеңді біл!» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты халықты АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыруға және АИТВ-жұқпасына тестілеуді насихаттауға бағытталды. Іс-шараға қатысушыларға АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтуге, қан қысымы мен қандағы қант деңгейін өлшеуге мүмкіндік берілді. Қойылған сұрақтарға толық қамтылған жауаптар алды. Барлығына ақпараттық-білім материалдары таратылды.