2019 жылдың 11 - 13 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы үшін АИТВ-инфекциясына қатысты аймақтық бағалауды әзірлеу бойынша ұлттық семинарға қатысты. Семинарды UNAIDS және PEPFAR қорымен бірлесіп Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырды.
Семинар барысында қатысушылар Спектрум жүйесімен жұмыс істеу, демографиялық мәліметтерді, емдеу критерийлерін, аталған АРТ және АББА бағдарламаларын жаңарту, Спектрумнан шығару және экспорттау/импорттау функцияларын тексеру туралы үйренді. Сонымен қатар, аймақ мамандары Спектрум бағдарламасын пайдалана отырып, статистикалық деректердің практикалық есебін жүргізді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.