Конференция, посвящённая вопросам профилактики, диагностики и лечения ВИЧ-инфекции, прошла в г. Астане
ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниежүзілік науқан аясында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету, диагностика сапасын арттыру, жаңа тәсілдерді, стандарттарды талқылау және медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл бойынша кешенді шараларға арналған «Қазіргі жағдайда АИТВ-инфекциясының таралуының өзекті мәселелері» атты конференция өтті.
Zharkyn Smart мектебінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс
26 қарашада Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А. И. Жаманова балалар мен жасөспірімдерге интерактивті дәрістер өткізді. Сабақтар Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында Zharkyn Smart School-да өтті.
ТолығырақZharkyn Smart мектебінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс
Жастар АИТВ туралы көбірек біледі
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық науқан аясында АИТВ-жұқпасы орталығының мамандарыжастарымен белсенді кездесуде.
Пенитенциарлық мекемеде өткен профилактикалық дәріс
Астана қаласы бойынша ҚАЖК Департаментінің № 3 мекемесінде жеке құрам мен сотталғандар үшін «Пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағартушылық дәріс өткізілді.
ТолығырақПенитенциарлық мекемеде өткен профилактикалық дәріс
Аутрич қызметкерлерімен жұмыс кеңесі
2025 жылғы 25 қарашада Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында халықтың негізгі топтары үшін АИТВ-инфекциясы және байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында кеңес өткізілді. Іс-шара мамандардың кәсіби құзыреттерін нығайтуға және АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуын азайтуға бағытталған профилактикалық қызметтерді кеңейтуге бағытталған.












