2024 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау, Білім басқармалары мен Полиция департаменті арасындағы үшжақты іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары дәрігер-эпидемиолог А.А. Идрисова, дәрігер-психотерапевт А.К.Ережеп «Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп - полиция майоры, тергеу бөлімінің аға тергеушісі Д. С. Қарабаева мен тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Д. Д. Бекенов, № 22 мектеп-гимназиясында ата-аналармен кездесу өткізді. Іс-шара ата-аналарды тәрбие және білім беру процессіне тартуға бағытталған. Кездесуде әрбір отбасы үшін жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және АИТВ-инфекциясының алдын алу сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.
Спикерлер балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін есірткі заттарының зияны мен нашақорлықтың салдары туралы айтты. Дәрігер-эпидемиолог Айгүл Идрисова АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және жыныстық жолмен берілетін жағдайлардың таралуының өсуі жағдайында алдын алу шаралары туралы айтып берді.
- «15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғаныс шаралары, сондай-ақ вирустың таралу қаупін арттыратын жағдайлар туралы ақпарат қол жетімді болу керек. Көбінесе, бұл жағдайда ата-анамен ашық сөйлесу көмектеседі», - дейді психотерапевт Ақтоты Ережеп.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы жоғары сынып оқушылары мен студенттердің АИТВ туралы хабардарлығын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Сондай, ақ, семинарлармен, дәрістермен бірге, мамандармен берілген ақпаратты бекіту үшін «үй тапсырмасы» немесе сауалнама форматы қолданылады, онда жасөспірімдер мұғалімдермен, сыныптастарымен, сондай-ақ ата-аналармен немесе отбасы мүшелерімен талқылауға, ойлануға және талқылауға мүмкіндік алады. Бұдан жеке,ата-аналармен ақпараттық-білім беру жұмысы ата-аналар жиналыстарында немесе мессенджерлер арқылы өзекті ақпаратты тарату арқылы жүргізіледі.