Репродуктивті денсаулықты қорғау және АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс мәселелерін ілгерілету шеңберінде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «Рауан» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп № 11 мектеп - лицейінде оқушыларға дәріс өткізді.

WhatsApp Image 2025 05 14 at 15.59.47

Дәрістің негізгі мақсаты өскелең жастарды АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, репродуктивті денсаулыққа қамқорлық жасауға, гинекологиялық, урологиялық аурулардың алдын алуға баса назар аудару болды.

АИТВ және ЖЖБИ сияқты аурулардың алдын алу ақпараттандырудан басталады. Білім жастарға денсаулық пен қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауға көмектеседі. Жеке қауіпсіздік мәселелеріне, профилактиканың рөліне және тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тақырыпқа шынайы қызығушылық танытты. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылды.

 WhatsApp Image 2025 05 14 at 15.59.48