Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні мен репродуктивті денсаулық апталығы аясында № 3 ҚАЖД мекемесінде сотталғандар мен жеке құрамға арналған ақпараттық-ағартушылық дәріс өтті. Іс-шара АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының өкілі-дәрігер-эпидемиолог А.И.Жаманованың қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты сотталғандардың АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, алдын алу әдістері, сондай-ақ уақтылы тестілеудің және антиретровирустық терапияны бастаудың маңыздылығы туралы хабардар болу деңгейін арттыру болды.
Дәріс барысында А.И.Жаманова елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, АИТВ туралы кең таралған мифтерді жоққа шығарды және қазіргі заманғы медицина АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретінін атап өтті. АИТВ-позитивті адамдарға қатысты стигманы төмендету және бір-біріне деген өзара сыйластық қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар тақырыпқа қызығушылық танытты, белсенді сұрақтар қойды, өз ойларымен бөлісті және маманның толық жауаптарын алды. Дәріс қорытындысы бойынша көптеген сотталғандар алған білімдері мен АИТВ проблемасына жаңа көзқарасы үшін алғыстарын білдірді.