2025 жылдың 30 маусымында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Уразова А.Б. қалалық фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері мен мейірбикелеріне семинар өткізді.
Семинар барысында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы өзекті мәліметтер ұсынылды. АИТВ-ға клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру, сондай-ақ реципиенттерді тексеру тәртібі туралы мәселелерге ерекше назар аударылды.
Семинар ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы іссапар аясында өткізілді және медициналық қызметкерлердің қырағылығын арттыру мен АИТВ инфекциясын ерте анықтау шараларын күшейтуге бағытталды.