2025 жылғы 30 маусымда АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Ахметова А.Д. жоспарлы ұйымдастыру-әдістемелік іссапар аясында қалалық жұқпалы аурулар орталығына барды.

WhatsApp Image 2025 06 30 at 16.45.08

    Іссапар барысында аталған мекеменің дәрігерлері мен мейірбикелеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы жөнінде өзекті деректер ұсынылды. Сонымен қатар АИТВ-ке клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру мәселелері жан-жақты талқыланды.

   Кездесу қорытындысы бойынша медицина қызметкерлері күнделікті тәжірибесінде қолдануға болатын өзекті ақпарат пен практикалық ұсынымдар алды.