2025 жылғы 19 қарашада Астана қаласының Сервис және туризм колледжінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында Ашық есік күні өтті. Іс-шара оқытушылар мен студенттердің АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.

WhatsApp Image 2025 11 19 at 15.26.59

   Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы «Жас толкын» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп жастармен кездесу өткізді. 100 ден астам студенттер вирустың таралу жолдары, қазіргі заманғы қорғау және тестілеу әдістері туралы өзекті ақпарат алды.

 АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке байланысты мәселелер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Дәрігер-эпидемиолог А. Идрисова әр адам қолдауды сезіне алатын салауатты қоғамның негізі ол толеранттылық, хабардарлық және бір-біріне деген құрмет екенін атап өтті. Сондай-ақ жастар арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы және денсаулық туралы ашық диалогтың қажеттілігі талқыланды.

  Акция аясында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өте алды, сондай-ақ ақпараттық-білім беру материалдарын алды. Барлығы 29 студенттер тексерілді.

 WhatsApp Image 2025 11 19 at 15.27.10