Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында 2024 жылғы 21 қарашада қалалық АИТВ инфекциясы орталығының мамандары «Нұрлы жол» теміржол вокзалында Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ауқымды акциясын өткізді.
Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлемде ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күн АИТВ-ның таралуына қарсы тұру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған іс-шараларға шақыру ретінде қызмет етеді. АИТВ орталығының мамандары халықтың АИТВ туралы, заманауи емдеу әдістері, өз мәртебесін білудің және уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттырудың қажеттілігін атап өтті.
Қызметкерлер хабардарлық пен олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау вирустың таралуымен күресудің негізгі қадамдары екенін атап өтті.
Акция барысында барлық ниет білдірушілер тегін және жасырын түрде АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, қысқа мерзімде өз мәртебесін біле алды, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына байланысты мәселелер бойынша мамандардан кеңес ала алады.










