АИТВ-инфекциясы таралу көрсеткіштерін бағалау бойынша семинар
2019 жылдың 11 - 13 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы үшін АИТВ-инфекциясына қатысты аймақтық бағалауды әзірлеу бойынша ұлттық семинарға қатысты. Семинарды UNAIDS және PEPFAR қорымен бірлесіп Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырды.
Подробнее: АИТВ-инфекциясы таралу көрсеткіштерін бағалау бойынша семинар
Мәскеу қаласында өткен зертханалық медицинаның V-мерейтойлық ресейлік конгресіне қатысуы
Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығының зертхана меңгерушісі Л. С. Нұғманова ЖИТС қызметінің басқа мамандарымен бірге2019 жылдың 11-13 қыркүйегіндеМәскеу қаласында өткен зертханалық медицинаның V-мерейтойлық ресейлік конгресіне қатысты.
Подробнее: Мәскеу қаласында өткен зертханалық медицинаның V-мерейтойлық ресейлік конгресіне қатысуы
Нұр-Сұлтан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» өтті
2019 жылдың 07 қыркүйегінде қалалық «Столичный» саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Денсаулық Фестивалі–2019» кең ауқымды акциясы өтті. Акция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, ЖИТС орталығының және қалалық емханалардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Подробнее: Нұр-Сұлтан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» өтті
Қазақстан президентінің жолдауын талдау
2019 жылдың екінші қыркүйегінде Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымының медицина қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Элтон Джон ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі қорының өкілдерімен кездесу өтті
2019 жылғы 14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына ЖИТС-пен күрес жөніндегі Элтон Джон қайырымдылық қорының (Ұлыбритания) бағдарламалық менеджерлері Фридрих Конрад және Джейкоб Рашбас сапармен келді.
Подробнее: Элтон Джон ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі қорының өкілдерімен кездесу өтті