17.05.2023 жылы Астана қаласының политехникалық колледжінде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай кең ауқымды акция өткізілді. Аталған іс-шараны «Болашаққа қадам» қоғамдық қорының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы өткізді. Акцияға 150-ден астам студент қатысты, олар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, антиретровирустық терапияның рөлі туралы ақпарат алды және осы атаулы күннің пайда болу тарихын білді. Сондай-ақ, студенттер викторинаға белсенді қатысып, онда дұрыс жауаптар үшін жастар үшін өзекті сыйлықтар (құлаққаптар, динамиктер, спорттық сөмкелер) алды.
Акция барысында қатысушыларға АИТВ-ға анонимді жедел тестілеуден өту ұсынылды. Барлығы жедел тестілеуден 46 адам өтті.
Акция политехникалық колледж оқушыларынан флешмобыменаяқталды, жастар АИТВ туралы ақпаратты өз бетінше зерделеу үшін флайер мен парақшалар алды.