АИТВ-инфекциясы орталығының маманы Айгүл Ыдырысова кәсіптік-техникалық колледждің студенттеріне АИТВ-ның ерекшеліктерін, берілу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру дәрісін өткізді.
Жастармен қарым-қатынас жасау барысында маман ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар АИТВ-ға қатысты өздерінің сұрақтарын қоюдан тартынбауы үшін сенімді атмосфераны құруға тырысты. А. Ыдырысова тыңдаушыларға "әрбір адам өзінің АИТВ-статусын білуі тиіс" екенін ескертіп, тест түрлері мен АИТВ-ға талдау нәтижесінің мәндері туралы атты.
Дәріске қатысқан 68 студентке ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.