Семинардың мақсаты — АИТВ инфекциясының анадан балаға таралуын алдын алу бойынша, жүкті әйелдерде, босану және бала емізу кезеңіндегі «Анадан балаға инфекцияның таралуын алдын алу» терминімен белгіленген шаралар туралы өзекті ақпаратты беру. Семинар барысында әйелдер консультациясына тіркелгенде жүкті әйелдердің АИТВ-ға екі рет тексеруден өту мәселелері қарастырылды. Ұйымдастырушылар жүкті әйелдерге кеңес беру және текстерістен өту балаларда АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін маңызды іс-шараларының бірі екендігі атап өтті.
Сонымен қатар, болашақ баланың әкесінің АИТВ статусын анықтаудың маңыздылығы қарастырылып, жүкті әйелдің және жыныстық серіктесінің уақытылы тестілеуден өтуі туралы ұсыныстар жасалды. Дәрігер М.А. Шолпанкулова АИТВ жұқтырған анаға қатысты ППМР бағдарламасын енгізудің қажеттілігіне ерекше назар аударды. Ол балаларды емізу және босану кезінде инфекцияның баласына жұғу қаупін азайтуға мүмкіндік беретін шараларды атап өтті.Семинар барысында зертхана меңгерушісі С. Б. Айтмағамбетова медицина қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының экспресс-диагностикасы, жаңа туған нәрестелердегі АИТВ диагностикасының әдістері туралы айтып, зерттеу сапасын қамтамасыз етуге егжей-тегжейлі тоқталды.