Іс-шара АИТВ-инфекциясының диагностикалық жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру аясында және медициналық персоналдың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Семинарға АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары, қаланың медициналық ұйымдарының аға медбикелері және медбикелері қатысты.

Оқыту барысында преаналитикалық кезеңнің негізгі аспектілері, пациентті дұрыс дайындау мен биоматериалдарды тасымалдау шарттарынан бастап, үлгілердің жеткізілу және сақтау мерзімдеріне дейін айтылды.

Қан алу алгоритміне, асептика ережелерін сақтау, маркировка және құжаттарды рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының директоры                                      К.К. Аскаровтың айтуынша преаналитикалық кезеңде зертханалық зерттеулердің сенімділігі мен дәлдігі, диагнозды уақтылы қою, емдеу тағайындау және ВИЧ инфекциясының әрі қарай таралуын алдын алу үшін негіз қаланады.

Ұйымдастырушылар ең жиі кездесетін қателіктерді талқылап, биоматериал сынамаларының брак санын азайту шаралары, зерттеу үшін биоматериалды алу кезіндегі қадамдық әрекеттер туралы айтты.

Семинардың екінші бөлімі АИТВ-на экспресс-тест өткізудің мәселелеріне арналды. Экспресс тесттердің қолдану көрсеткіштері, оларды жүргізу ережелері, нәтижелерді интерпретациялау және ВИЧ диагностикалау барысында сапаны қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

WhatsApp Image 2025 07 25 at 15.34.08