Семинар барысында 2025 жылдың 6 айындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, аппатық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, диагностика әдістері, оның ішінде экспресс-әдіс мәселелері қаралды. Эпидемиолог дәрігер АИТВ-ға тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштерге ҚР ДСМ 27.11.2020 ж. № 211 бұйрығына сәйкес назар аударды. Сондай-ақ медициналық тәжірибеде құпиялылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын, кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ медициналық көмек алу кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу болып табылады.

WhatsApp Image 2025 07 29 at 12.55.45 1

 WhatsApp Image 2025 07 29 at 12.55.45