IMG 1451

2019 жылғы 04-05 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығының мамандары 2019 жылы «Баршаға денсаулық» ұранымен өтетін Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «Дені сау болу–сәнді!» Ұлттық бағдарламасы аясында (07 сәуір) сауықтыру акциясын ұйымдастырды, ол таңғы жаттықтыру және флешмоб түрінде өтті.

IMG 1426

Дүниежүзілік денсаулық күні–бұл адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау үшін бірлескен іс-қимылдар жүргізу мақсатында біздің елордамыздың әрбір тұрғынының денсаулық және денсаулық сақтау мәселелеріне назарын аударуға бағытталған жаһандық науқан.

IMG 1419

Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығы сізді салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға, физикалық белсенді болуға және салауатты әдеттерді ұстануға шақырады.

IMG 1415