20190515 122506

2019 жылдың 15 және 17мамырында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының ҚДСБөкілдерімен бірлесіп, «Астаналық, «Әсем» базарларындаХалықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында базар қызметкерлері мен келушілеріне арналған «Еске алып өмір сүру!» ұранымен акция ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында ЖИТС орталығының мамандары Еске алу күнінің басты мақсаты ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу ғана емес АИТВ-инфекциясының алдын алу, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікті болдырмау екендігін түсіндірді. Акция барысында қалауы бойынша қатысушылар АИТВ инфекциясына экспресс-тестілеуден өтті.

IMG 20190515 WA0004