2019 жылдың 31 мамырында Қазпоштаның 11 бөлімшесінде «МӘМС, ТМККК жаңа моделі» тақырыбында келушілерге арнап ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өтті.
Іс-шара барысында ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілу барысы туралы айтып берді. Бөлімшеге келушілер сауалдарын қойып, оларға толыққанды жауаптар берілді. Дәріске қатысушыларға ақпараттық-білім материалдары таратылды.