2019 жылдың 26 маусымында ЖИТС орталығының мамандары Есіл ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының қатысуымен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері үшін «Болашаққа қадам» тақырыбында акция өткізді. Іс-шара барысында ЖИТС орталығының мамандары акцияның басты мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікті болдырмау екендігін түсіндірді.Акция кезінде қатысушылар АИТВ-ға жедел тексерілуден өтуге мүмкіндік алды.