5c9aaa68 1924 4b2d 9ea3 00538796a3e2

2019 жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару жұмысы мен қызметінің негізгі ережелерін түсіндіру аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Т. Ерман Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС орталығында болды.

Мәжіліс депутаты М.Т. Ерман Орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, ұжыммен кездесті. Әңгімелесу барысында ұлттық денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау, жас мамандарды, халықтың әлеуметтік маңызды топтарын әлеуметтік қолдау мәселелері, сондай-ақ республиканың заңнамалық актілеріне көрсетілген мәселелер бойынша қабылданған түзетулер мен өзгерістер туралы айтылды.