IMG 1712

16-18.09.2019 жылы ЖИТС орталығының мамандары "Рахат" монша кешенінің, "TIMEX GROUP" ЖШС, "Астана Маркет-радио" ЖШС, "ESP CENTER" ЖШС, "ҚР радиостанциясы"ЖШС қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізді.

Мамандар АИТВ/ЖИТС бойынша берілу жолдары, алдын алу және эпидемиологиялық жағдай туралы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында МӘМС енгізу туралы толық ақпарат берді.

Тыңдаушылар белсенді сұрақтар қойды. Мамандар АИТВ-инфекциясының, стигма мен кемсітушіліктің алдын алудың басым мәселелері бойынша кеңес өткізді. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.