Іс-шараның мақсаты мифтерді жою және білімді кеңейту болды. АИТВ – өмірді шектейтін диагноз емес, дұрыс ем қабылдаған жағдайда адам белсенді әрі ұзақ өмір сүре алады.
Профилактика бөлімінің эпидемиолог көмекшісі В.А. Булашева АИТВ жұқтыру және алдын алу жолдары туралы айтып, тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығына атап өтті. АИТВ жұқтыру жолдарына, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіз өмір салтын таңдауға ерекше көңіл бөлінді. Дәріс барысында жоғары сынып оқушылары тарапынан сұрақтар қойылып, соңында ақпараттық-білім материалдары таратылды.
Шараға барлығы 210 мектеп оқушылары қатысты.








