Қатысушыларға акцияның мақсаттары туралы, АИТВ-инфекциясының ерекшеліктері мен алдын алу шаралары айтылып, салауатты өмір салтын ұстануға және қауіпті жағдайлардан аулақ болуға мамандар шақырды.
Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлемде ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. АИТВ-ға қарсы белсенді шараларға қарамастан, инфекцияны толығымен жеңу мүмкін болмады. Сондықтан бұл күн АИТВ-ның таралуына қарсы тұру үшін қоғамның мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған әрекеттерге шақыру болып табылады. Біз халықтың хабардарлығын арттырудың және АИТВ-ға үнемі тексеріліп өз мәртебесін білу қажеттілігін, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасын, кемсітушілігін және өмір сүру сапасын жақсартудың маңыздылығын тағы да атап өтеміз.
Акция барысында барлық ниет білдірушілер тегін және жасырын түрде АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, олардың мәртебесін аз уақытта біліп, АИТВ-инфекциясына байланысты мәселелер бойынша мамандардан кеңес ала алды.









