Акция барысында мамандар АИТВ-ға жедел экспресс-тест өткізіп, кеңес берді және ақпараттық материалдар таратты. Қалаған қызметкерлер құпия түрде әрі тегін АИТВ-ға тест тапсырып, АИТВ-ның алдын алу, емделу және қауіптерді төмендету бойынша өз сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара қызметкерлердің ақпараттану деңгейін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара аясында 90 адам қамтылды, 35 адам тестілеуден өтті.








