ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күнінің басты үндеуі халықтың назарын АИТВ-ның алдын алу, стигманы жою, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу, сондай-ақ антиретровирустық емдеу мен медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейту мәселелеріне аудару болып табылады.
Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.К. Аскаров айтуынша, тиімді алдын алу құралдарына қолжетімділікті кеңейту және антиретровирустық терапияны енгізу арқасында АИТВ-инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Әлемдік статистикада ЖИТС-пен байланысты аурулардың салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 2010 жылғы көрсеткішке қатысты 51% - ға төмендеді және өлімнің негізгі себептерінің тізімінде ауру 8-ші позициядан 21-орынға көшті. «АИТВ-инфекциясын уақтылы және ерте анықтау мен емдеу мақсатында халықтың АИТВ-ға тестілеуге кең қолжетімділігі қамтамасыз етілуде, ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарда халықтың негізгі топтарының өкілдерін жедел тестілеуі еңгізілді, соңғы 10 жылда антиретровирустық терапиямен қамту 5 еседен астамға ұлғайды және 93% құрайды», - деп атап өтті К. Аскаров.