Іс-шараға ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы директорының міндетін атқарушы Ұ.Ш. Медеубеков пен ҚДИАҒО-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар фертильді жастағы әйелдер мен жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері арасындағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту шараларын талқылады. АИТВ-ның тікелей берілу жолын ерте анықтау және алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.ҚДИАҒО директорының міндетін атқарушы Ұ.Ш. Медеубеков:«Жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін уақтылы тексеру үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен және босандыру мекемелерімен белсенді ынтымақтастық АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді», - деп ведомствоаралық өзара іс қимылдың маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға қатысушылар АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының деңгейін төмендетудегі тұрақты прогресс білім беру, медициналық және әлеуметтік шараларды қамтитын жүйелі тәсілмен ғана мүмкін болатынын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Ә.Ш. Рүстемова жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тексерумен қамтуды қамтамасыз ету, балаларды бейімделген сүт қоспаларымен қамтамасыз етуді бақылауды күшейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру, оның ішінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және бейресми білім беру бөлігінде АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шаралармен қамтамасыз ету сияқты нақты тапсырмалар берілді.

WhatsApp Image 2025 06 03 at 12.03.51

 WhatsApp Image 2025 06 03 at 12.03.51 2