2024 жылғы 12 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Дұрыс жолды таңда – адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы және Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бірлесіп «Астаналық» және «Көктал» сауда орталықтарының қызметкерлері мен келушілері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша ауқымды акциялар өткізді.
Акция барысында АИТВ орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, сондай-ақ, стигма мен кемсітушілік тақырыптарын қозғады.
Іс-шара аясында қала тұрғындары ақпараттық-білім беру материалдарын және эпидемиолог-дәрігерлерден қолжетімді кеңес ала алды. АИТВ-инфекциясына тестілеуден 113 адам өтті.