2024 жылғы 22 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары мен «Human Health Institute» ҚБ-ның аутрич-жұмыскерлері жедел тестілеуді өткізе отырып, халықтың негізгі тобы арасында ақпараттық жұмысты жүргізді.

WhatsApp Image 2024 11 25 at 14.53.08 1

          Іс-шараға қатысқан-профилактика бөлімінің эпидемиолог-дәрігері А.Идрисова, Емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің дерматовенеролог-дәрігері А. Бекмағанбетова аутрич жұмыскерлермен бірлесіп АИТВ-инфекциясы бойынша терминдер мен негізгі анықтамаларды; АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупі факторлары бойынша аңыздар мен стереотиптерді; АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық реттеу мәселелерін талдады.

Негізгі екпін халықтың негізгі топтары (ЕЖЕ) арасында АИТВ-инфекциясының таралуын азайту мәселесі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетуге, халықтың негізгі топтарына емдеу алдын алу қызметтер көрсетуге, Достық кабинеттерде жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі профилактиканы ұсынуға, аутричт жұмыскерлердің 2024 жылғы жұмысын талдауға бағытталды.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың жағымды жақтары атап өтіліп, АИТВ және ЖЖБИ таралуының алдын алу бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту, халықтың негізгі тобымен өзара іс-қимылдағы кемшіліктерді жою, ЕЖЕ үшін профилактикаға қол жеткізудегі кедергілерді еңсеру және стигмаға жол бермеу, түйінді топтар өкілдеріне кемсітушілік мәселелері талқыланды.

Кездесі аудитория мен ұйымдастырушылар арасындағы сұрақ-жауап диалогы, практикалық тәжірибе алмасумен аяқталды. 12 адам тестілеуден өтті.

WhatsApp Image 2024 11 25 at 14.53.08