1 желтоқсан – бүкіл әлемде жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында АИТВ орталығының мамандары Білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде, сондай-ақ 1 желтоқсанға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде Астана қаласындағы оқу орындарының психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг 2024 жылғы 20-21 қарашада Астана қаласының Сарыарқа және Алматы аудандары мектептерінің мамандарына арналған АИТВ орталығының базасында өтті. Іс-шарада жастар арасында АИТВ бойынша негізгі проблемалық мәселелер, сондай-ақ АИТВ алдын-алу бойынша жұмыстың заманауи әдістері қаралды. Бұл іс-шара «Шаг в будущее» қоғамдық қорының қолдауымен өтті.

WhatsApp Image 2024 11 26 at 13.23.24 1

   

         Семинар-тренинг барысында АИТВ орталығы директорының орынбасары С.Б. Мусина, АИТВ орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Б.К. Қултанова, АИТВ орталығының дәрігер - психотерапевті А.К.Ережеп, АИТВ орталығының педагогы А.Турымова сөз сөйледі. Тренингте негізгі проблемалық мәселелер талданды, жасөспірімдермен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері туралы сөз қозғалды, Астана қаласы бойынша өзекті эпидемиологиялық жағдай деректері келтірілді.

Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға жастар арасында АИТВ алдын-алу бойынша оқыту модулінен өткені туралы сертификаттар табысталды.

WhatsApp Image 2024 11 26 at 13.23.24

WhatsApp Image 2024 11 26 at 13.23.25

WhatsApp Image 2024 11 26 at 13.23.24 2