2024 жылы 27 қарашада Астана қаласының Сервис және туризм колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанның іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, жастардың әлеуметтік-құқықтық сауаттылығын арттыруға және АИТВ-инфекциясы бойынша ақпараттандыруға бағытталған конференция өтті.
Конференцияда Сарыарқа ауданы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Н.Б. Балтабеков, колледж директорының орынбасары Д.К. Абельдинова, Астана қаласы АИТВ орталығы директорының орынбасары С.Б. Мусина, Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкері Н. Айжанов, №3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Д.М. Түсіпбекова, және «Үміт» дағдарыс орталығы мен ҚҚ «Право» өкілдері А.Г. Асылбекова, А.А: Нұрбалиева қатысты.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары және заңдылықты сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың салдары мен олардың қауіпсіздігін талқылады.
Директордың орынбасары С.Б. Мусина, өз сөзінде, қауіпсіз мінез-құлық пен АИТВ-ның алдын алу шараларының маңыздылығын, есірткіні қолдану АИТВ жұқтыру қаупін қалай арттыратынын атап өтті, және жалпы АИТВ мен ЖЖБИ-ден қалай қорғану керектігін айтты.
Конференция қатысушыларға құқықтық нормалар мен заңсыз әрекеттердің ықтимал салдары туралы пайдалы ақпарат бере отырып, тәжірибе мен білім алмасудың тамаша алаңына айналды.
Сондай-ақ, конференция барысында колледж студенттері арасында өткізілген «Үздік қабырға газеті» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шарамен 220 адам қамтылды.