2025 жылғы 14-24 ақпан аралығында Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.И. Жаманова № 3, 64 ҚАЖД мекемелерінің жеке құрамы және № 64 мекеменің сотталған контингенті үшін «Пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» семинарларын өткізді, оның барысында ол жұғу жолдары мен АИТВ-дан қорғау шаралары туралы, сондай-ақ елордадағы эпидемиологиялық жағдайды айтып өтті.
Пенитенциарлық жүйеде 2024 жылы жағдай тұрақты, АИТВ-ның таралуы 1,5% - құрайды. Қатысушылар жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. Барлық адамдарға тестілік психоәлеуметтік консультация беруден бұрын және кейін белгіленген мерзімде АИТВ-инфекциясының бар - жоғын тексеруді бақылауды күшейту, сондай-ақ арнайы контингент үшін радиолекциялар санын көбейту туралы шешім қабылданды.
Іс-шараға қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және бұл құбылыстардың АИТВ жағдайына қалай теріс әсер ететіні туралы ақпарат алды.
Семинарда ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар) таратылды.