2025 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жеке құрамы мен тәрбиеленушілері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы білімін арттыру мақсатында қысқаша дәріс курсы өткізілді.

WhatsApp Image 2025 03 13 at 13.29.18 1

   Өз сөзінде АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының профилактикалық бөлімінің эпидемиологы Ж.К.Бекетова АИТВ және оның берілу жолдары алдын алу шаралары, әскери және полиция қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі авариялық жағдайлар туралы айтып, АИТВ өмір сүретін адамдарды стигмаға және кемсітуге жол бермеу сұрақтарына тоқталды.

   260-тан астам әскери қызметшілер жұқтыру жолдары, вирустан қорғау шаралары, эпидемиологиялық жағдай туралы осы іс-шара барысында танысып білді. Дәрігер салауатты және қауіпсіз өмір салтының артықшылықтары туралы хабардар етті. Сонымен бірге, үнемі тестілеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

  Дәріс соңында тыңдаушылар өз сұрақтарына жауап берді, оларғаақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

WhatsApp Image 2025 03 13 at 13.29.00