2025 жылғы 13 наурызда Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, ҚР ДСМ «Республикалық БМСК орталығы» ШЖҚ РМК базасында медицина қызметкерлеріне арналған «Медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу. АИТВ-ға тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер. Анадан балаға берілетің алдын алу кешенінің іс-шаралары. Инвазивті араласулардағы инфекциялық қауіпсіздік» атты семинар өткізілді. Семинарға емдеу бөлімі бойынша басшылардың орынбасарлары, гинекологиялық бөлімшелердің меңгерушілері, эпидемиологтар, сондай-ақ реципиенттерді тексеру бойынша жауапты тұлғалар қатысты.WhatsApp Image 2025 03 13 at 16.44.33

          АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.К. Аскаров семинарды ашу сөзінде, аталған іс-шара Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бекіткен 2025-2026 жылдарға арналған АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша Астана қаласының медициналық ұйымдарымен АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының өзара іс-қимылы жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілетінін атап өтті. К. К. Аскаров ауруханаішілік АИТВ инфекциясының алдын алудың, клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға халықты сараланған тексерілуінің, сондай-ақ жүкті әйелдер мен реципиенттерді тексерудің маңыздылығын атап өтті. «АИТВ-инфекциясының ауруханаішілік инфекциясының алдын алудың негізі санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режимге қойылатын белгіленген талаптарды сақтауды қоса алғанда, медицина қызметкерлерінің басты міндеті - пациенттер мен медицина қызметкерлер үшін инфекция ықтималдығын барынша азайта отырып, дезинфекциялауға, зарарсыздандыруға, медициналық қалдықтарды қауіпсіз өңдеуге, медициналық бұйымдармен жеткілікті қамтамасыз етуге назар аудару», деп ол өз сөзінде айтты.

Астана қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекциялар бөлімінің басшысы                              А.В. Чо-Зо-И, өз баяндамасында қатысушыларды денсаулық сақтау ұйымдарында инфекциялық бақылауды сақтаудың негізгі қағидаттарымен таныстырды. Оның айтуынша, алдын алу шараларын тиімді пайдалану МКБИ қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді, медициналық ұйымда инфекциялық бақылау жүргізу сапасы медициналық көмек көрсету сапасының көрсеткіші болып табылады.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Б.К. Култанова  презентациясында 2024 жылғы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға талдау жасады, медициналық ұйымдарда АИТВ-ның алдын алудың қажетті шаралары, АИТВ-ға тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер, анадан балаға АИТВ-ның алдын алу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

         Сондай-ақ қатысушылардың назарына АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Э.С.Тулепбаева айтып берген биоматериалды АИТВ-ға реципиенттерді тексеру тәртібі ұсынылды.

Жалпы қалалық семинар барысында қатысушылар медициналық манипуляциялар кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Биоматериал реципиенттерін АИТВ-инфекциясына уақтылы тексеру бойынша медициналық ұйымдарда гемотрансфузиядан және трансплантациядан тіркелген жері бойынша 1 және 3 айдан кейін бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Жүкті әйелдер мен жыныстық серіктестерді тексеру бойынша проблемалық сұрақтар көтерілді.  

       Іс-шара соңында тараптар АИТВ-инфекциясының профилактикасы орталықтың БМСК ұйымдары және стационарлардың өзара іс-қимылын жақсарту, сондай-ақ реципиенттер бойынша мәліметтерді беруді жетілдіру және есептілікті оңтайландыру жөнінде пікір алмасты.

WhatsApp Image 2025 03 13 at 16.44.33 1

WhatsApp Image 2025 03 13 at 16.44.34

WhatsApp Image 2025 03 13 at 16.44.34 1

WhatsApp Image 2025 03 13 at 16.44.34 2