2025 жылғы 13 наурызда қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының дәрігер-эпидемиологы Ж. К. Бекетова Астана қаласының № 38 мектеп-лицейінде жалпы ата-аналар жиналысына қатысты.
Іс-шара ата-аналарды АИТВ, ЖЖБИ алдын алуды қоса алғанда, тәрбие және білім беру процессіне тартуға бағытталған. Кездесуде, балалар бар әр отбасы үшін маңызды тақырыптар қарастырылды: жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, ерте жыныстық қатынастардың алдын алу және басқа да өзекті мәселелер. Әр тақырып бойынша сарапшылар сөз сөйледі, диалогқа ата-аналар белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Ж. К. Бекетова қатысушыларға АИТВ, берілу тәсілдері және алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Жиналысқа 70-ке жуық ата-аналар мен оқытушылар қатысты.