2025 жылдың 18 наурызында Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында «AMANAT» партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының қатысуымен Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.

WhatsApp Image 2025 03 18 at 14.35.52 1

Салтанатты іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Аскаров Канат Кыргызбайұлы ашып, ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, денсаулық, жақсылық, жұмыста табыс тіледі. «AMANAT» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Тілес және Партиялық бақылау комиссиясының аудандық төрағасы Нұрлан Ыбырайым партия құрамындағы әріптестерімізге арнайы құттықтау грамоталарын табыстады.

«Наурызнама» онкүндігі бойынша 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қызметкерлер киген жарқын ұлттық киімдер мен костюмдер мерекеге ерекше сән берді.

WhatsApp Image 2025 03 18 at 14.38.26 1