Брусиловский, 4 мекенжайы бойынша орналасқан АИТВ орталығының Достық кабинетінде тұрғындардың негізгі топтарымен жұмыс істейтін аутрич-жұмыскерлер қатысқан семинарда АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын өткізу мен олардың тиімділігі, сондай-ақ халықтың негізгі топтарында АИТВ-инфекциясының таралуын зерттеу бойынша дайындық жұмыстары талқыланды.
Қатысушылар қаладағы эпидемиологиялық жағдайды, АИТВ-ның даму үрдістерін, АИТВ-ның жанасуға дейінгі профилактикасын ұсыну мен оның маңыздылығы туралы, жанасудан кейінгі профилактиканы жүргізу кезінде ұсынылатын жағдайларды қарастырды.
Кездесу барысында АИТВ-ға қарсы алдын алу шараларының тиімділігін арттыру бойынша бірлескен шаралар талқыланды. Достық кабинетіне бару, АИТВ-ға уақтылы тексеруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды. Қатысушылар ЖЖБИ бойынша кеңес беру, диагностикалау және емдеу, сондай-ақ ЖДП-ны кеңейту қызметтерін алу үшін негізгі топтардың өкілдерін тартуды қоса алғанда жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстармен алмасты.