Халыкаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Ж.К. Бекетова «АИТВ-инфекциясы біздің өмірімізде» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары үшін Қ. Сәтбаев атындағыBinom school мектебінде, № 74 мектеп-гимназиясы мен №8 мектеп-лицейінде дәріс өткізді.
Оқушыларға кемсітушілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сенімді мінез-құлық дағдылары, денсаулықты сақтаудағы СӨС маңыздылығы, АИТВ-инфекциясының таралу проблемасына жастардың назарын аудару, жасөспірімдер арасында жеке жауапкершілік пен жауапты мінез-құлықты сақтау туралы түсінік қалыптастыру мәселелері жөнінде ақпарат берілді. Ақпаратты мұқият тыңдап, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Дәріс соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.