2025 жылдың маусым айында Астана қаласы Полиция департаментінің Арнайы мақсаттағы бөлімше Жедел әрекет ету арнайы жасағында, Қабылдау орнында, Арнайы қабылдағышда, Уақытша ұстау изоляторында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық дәрістер өткізілді.

WhatsApp Image 2025 06 26 at 15.16.53

       Кездесу барысында полиция қызметкерлері АИТВ-ның жұқтыру жолдары, алдын алудың заманауи әдістері, ерте диагностиканың маңыздылығы және антиретровирустық терапияның мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат алды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дәрісті эпидемиолог дәрігер Гульмира Ерболқызы Каратаева жүргізіп, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері арасында АИТВ-ға қатысты хабардарлығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және халық арасында сенімді ақпаратты таратуға бағытталған. Дәріспен 159 адам қамтылды.