2025 жылғы 25 қарашада Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында халықтың негізгі топтары үшін АИТВ-инфекциясы және байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында кеңес өткізілді. Іс-шара мамандардың кәсіби құзыреттерін нығайтуға және АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуын азайтуға бағытталған профилактикалық қызметтерді кеңейтуге бағытталған.
Кеңес барысында мынадай мәселелер қаралды: халықтың негізгі топтарының өкілдерін тестілеуді дұрыс жүргізудің ерекшеліктері; контактіге дейінгі профилактика қызметтерін алу үшін клиенттерді Достық кабинетке жолдау алгоритмі; БДП қабылдауды бастауға ынталандырудың маңыздылығы, профилактиканың артықшылықтары және осы үдерістегі аутрич-қызметкерлердің рөлі; БДП және БКП қызметтерін Достық кабинеттерде ұсыну.
Қатысушылар қауымдастықтармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жолдарын, сондай-ақ БДП бағдарламасына жаңа клиенттерді тарту мәселелерін талқылады. Халықтың негізгі топтарымен жұмыс істеудегі кемшіліктерді жоюға және бірлескен қызметтің одан әрі бағыттарын анықтауға ерекше назар аударылды.
Профилактикалық бөлімнің эпидемиолог-дәрігері күнделікті жұмыс, туындайтын қиындықтар және қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимылдың сәтті мысалдары туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.








