Семинар-тренинг Жоғары медициналық колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, «Жас толқын» ЖДО мамандары – дәрігер-гинеколог пен дерматовенерологтың сөз сөйлеуінен басталды.
Қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Ж.К. Бекетова жастардың назарын салауатты өмір салтына, репродуктивті денсаулықты қорғаудың маңыздылығына, АИТВ мен ЖЖБИ - ге уақтылы тексерілуіне, скринингтік тексерулер мен вакцинациядан өтуіне баса назар аудара отырып, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып берді. Болашақ медицина қызметкерлерімен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік мәселелері де талқыланды. Студенттер АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен танысып, АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша білімдерін толықтырды.
Іс-шараның соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды, қамтылды - 65, тексерілді - 11.