Кездесуде ХНТ АИТВ-ға тестілеуді дұрыс жүргізу мәселелері, клиенттерді байланысқа дейінгі профилактиканы (БДП) алу үшін Достық кабинетке жіберу ерекшеліктері егжей-тегжейлі қарастырылды. Мамандар мазмұнды дәріс оқыды, онда адамдарды БДП қабылдауға ынталандыру неліктен маңызды екенін, алдын алудың қандай артықшылықтары бар екенін және аутрич қызметкерлері бұл процессте қандай рөл атқаратынын, сондай-ақ бірлескен жұмыстың басқа да негізгі аспектілерін түсіндірді.
ХНТ арасында АИТВ-ның алдын алу мен қолдаудың тиімді жүйесі, тәуекелдерді азайтуға және тұрғындардың хабардар болу деңгейін арттыруға көмектеседі.