Іссапар барысында аталған мекеменің дәрігерлері мен мейірбикелеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы жөнінде өзекті деректер ұсынылды. Сонымен қатар АИТВ-ке клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша медицина қызметкерлері күнделікті тәжірибесінде қолдануға болатын өзекті ақпарат пен практикалық ұсынымдар алды.