Іс-шаралардың мақсаты оқушылардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша хабардарлық деңгейін арттырып қана қоймай, АИТВ-ға қатысты қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету.

           1800 жуық оқушы қатысқан іс-шара барысында АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары аудиторияны Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды және АИТВ-инфекциясы ауруы туралы базалық мәліметтер ұсынып, инфекцияны жұқтыру жолдары мен алдын алу тәсілдері туралы айтып, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелерін де қозғады.

           Дәріс барысында жоғары сыныптың оқушыларына АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық ролик көрсетіліп, кездесуді ақпараттық және көрнекі етуге мүмкіндік берген презентациялар көрсетілді.

         Дәріс соңында АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары оқушыларға АИТВ-инфекциясының таралуын төмендетудегі қауіпсіз мінез-құлық туралы айтты.

WhatsApp Image 2024 11 15 at 14.15.01

WhatsApp Image 2024 11 15 at 14.16.57