Семинар барысында педагог студенттерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алудың заманауи әдістері және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы айтып берді.

  Семинар интерактивті түрде өтті, соның арқасында студенттер қызығушылық танытқан сұрақтарын қойып қана қоймай, практикалық кейстерді шешуге қатыса алды. Бұл оларға тақырыпты жақсырақ түсінуге және денсаулығын сақтау туралы ойлауға көмектесті.

 Семинар аясында білім алушыларға пайдалы кеңестер бар ақпараттық материалдар мен Жастар денсаусалық сақтау орталықтарының байланыс деректері таратылды, онда кеңес алуға және тестілеуге жүгінуге болады.

      Мұндай кездесулер ашық және сенімді атмосфераны құруға көмектеседі, онда жастар расталған ақпарат пен мамандардың уақтылы қолдауын ала алады.

 WhatsApp Image 2026 01 30 at 12.32.33